Алғыс айту күніне арналған мектептік жиын

4 наурыз күні мектебімізде 5-11 сыныптарда Алғыс айту күніне арналған жиын өтті. Бұл күн – адамдар бір-біріне ризашылық білдіріп, жақсылық жасаған жандарға алғыс айтатын ерекше мереке.Іс-шараны 5 «А» сынып оқушылары дайындап, жүргізді. Оқушылар алғыс, сыйластық және мейірімділік туралы өлеңдер оқып, ата-аналарына, ұстаздарына және достарына деген ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар іс-шара барысында «Біздің оқушылар мен мұғалімдер кімге және не үшін алғыс айтады?» атты блиц-сұхбат түсірілді. Оқушылар мен ұстаздар өздерінің жүрекжарды алғыстарын айтып, ата-аналарына, ұстаздарына, достарына деген ризашылықтарын білдірді.Жиын баршаға алғыс айту мен жақсылық жасаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салды.

Қосымша ақпарат көздері