


2026 жылғы 12 наурызда қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнаш Умирзаковна Науразбаева 3 “а” сыныбында “Қазақтың қаhарман ұлы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:мәтін арқылы сұрақтар құрастыру.тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер құрастыру. Балалар бір-бірімен суреттедегі іс қимылдар арқылы бір бірімен амандасты.Сабақта оқушылар Бауыржан Момышұлы — Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы туралы көп мәлімет алды. Мұғалім сабақта әр түрлі қызықты әдістер қолданды.Жасанды интеллект арқылы жасалған Бауыржан Момышұлының бейнесі оқушыларға тапсырмалар берді. Білімді бекіту кезеңінде “Пицца”атты әдісі арқылы оқушыларға ерекше қызығушылық пен қуаныш сыйлады. Жұппен жұмыс барысында оқушылар берілген сөздерді жіктеп жалғауларын анықтады. Ашық сабақта жұмыстың әртүрлі қолданылды: фронтальды,жұптық,топтық және жеке жұмыс.”Бағалау парағы” әдісі арқылы өзара әр оқушы өз жұмысын әділ бағалады. Сабақ соңында белсенділік танытқан оқушыларға тәтті кәмпиттер таратылды. Сабақ мазмұнды және нәтижелі өтті.
