«Тіл білгірлері» сайысы

2026 жылдың 12 наурызында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Өмірзаққызының ұйымдастыруымен «Тіл білгірлері» атты қызықты шара өтті. Зияткерлік додада 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушылары бақ сынасты. Оқушылар грамматика мен әдебиеттен терең білімдерін ғана емес, сонымен қатар тапқырлықтарын, топта жұмыс істей білу қабілеттерін және мемлекеттік тілге деген шынайы сүйіспеншіліктерін көрсетті.Тартысты өткен бәсекеде 5 «Б» сыныбы айрықша ауызбіршілік танытып, жеңіске жетті! Дәл осы сынып сайыс жеңімпазы атанып, құрметті «Тіл білгірлері» атағын иеленді.Оқушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз, ал 5 «А» сыныбына мазмұнды ойын мен жеңіске деген жігері үшін алғыс айтамыз!

Қосымша ақпарат көздері