«№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында көктем, жаңару және ізгілік мерекесі — Наурызға арналған жарқын мерекелік іс-шара өтті. Балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен қуана танысып, ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, бір-біріне күлкі мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мереке көңілді, ұйымшыл әрі жоғары деңгейде өтті. Мақсаты:Балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және ұжымда достық қарым-қатынасты дамыту.
Наурыз құтты болсын!
