Көктемгі демалыс кезінде мектеп кітапханасында «Көктем кітаппен» атты акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты — балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту және кітаптың тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар қызықты дос бола алатынын көрсету.Акция аясында оқушыларға көркем шығармаларды оқу, оқығандары туралы пікір алмасу және сүйікті кейіпкерлерін талқылау ұсынылды. Балалар бұл үрдіске қызығушылықпен қатысып, жаңа кітаптар мен авторларды ашты.Кітап оқу баланың дамуына үлкен әсер етеді: ол қиялын дамытады, сөйлеу қабілетін жақсартады, қоршаған ортаны тереңірек түсінуге көмектеседі және сауаттылықты қалыптастырады. Кітап ойлауға, жанашыр болуға және қорытынды жасауға үйретеді.«Көктем кітаппен» акциясы балаларға кітап оқудың міндет емес, білім мен қиял әлеміне апаратын қызықты саяхат екенін еске салды.
«Көктем кітаппен» атты акция өткізілді
