«№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында«Құстарға арналған ұялар» атты акция өткізілді.Іс-шара аясында тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірге өз қолдарымен құс ұяларын жасап, шығармашылық қабілеттерін, ұқыптылықтарын және табиғатқа деген қамқорлықтарын көрсетті. Одан кейін дайын болған құс үйлері мектеп аумағына ілінді.Акцияның мақсаты — балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және құстарды қорғауға назар аударту.Балалар мен ата-аналардың бірлескен жұмысы достық әрі жылы атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға жарқын әрі жағымды әсер қалдырды.
«Құстарға арналған ұялар»
