Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жиын

«№1 Смирново орта мектебі» КММ Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға 1 «А» сынып оқушылары белсене қатысты.Мерекелік жиын жылы әрі достық атмосферада өтіп, елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік, келісім және өзара құрметтің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.Іс-шара барысында оқушылар халықтар достығы, бейбітшілік пен бірлік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ мектеп оқушылары мерекенің пайда болу тарихы мен оның Қазақстан халқы үшін маңызы туралы танымдық бейнеролик тамашалады.Жиынның жарқын қорытындысы ретінде «Қазақстан аспаны астында» әні орындалып, барлық қатысушыларды біріктіріп, елімізге деген мақтаныш сезімін сыйлады. Осындай іс-шараларды өткізу жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, мәдени дәстүрлерге құрметпен қарауға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері