6 мамыр күні №1 Смирново орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.К. Кенжебаева батырлар күніне арналған салтанатты жиын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар бағдарламаға белсене қатысты: жұмбақтар шешіп, өздерінің тапқырлықтарын, зейінділіктерін және алғырлықтарын сынады. Кейін оқушылар танымдық бейнеролик тамашалап, мерекенің мәнін және батырлардың ерліктерін тереңірек түсінді. Әсіресе, командирлердің өнер көрсетуі ерекше қызығушылық тудырды: олар саптық жүрісті дұрыс орындауды көрсетіп, тәртіптілік, ұйымшылдық және сенімділік танытты.
Салтанатты жиын жоғары деңгейде, ұйымшыл түрде өтіп, барлық қатысушыларға жарқын әсер қалдырды.
Батыр күні
