№1 Смирново орта мектебінде «Отбасы банк» қызметкерімен бірлесіп «Дроппер деген кім?» тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті.Кездесу барысында оқушыларға интернет-алаяқтықтың заманауи түрлері туралы айтылып, дропперлердің қызметі және заңсыз қаржылық схемаларға қатысатын адамдардың қандай жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілді. Диалог барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, алаяқтардан қорғану жолдары бойынша пайдалы кеңестер алды.
«Дроппер деген кім?»
