Мектебімізде жыл сайын 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық отбасы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл мереке отбасылық құндылықтардың, сүйіспеншіліктің, өзара түсіністік пен жақындарға қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салады.Іс-шара барысында оқушылар отбасы туралы өлеңдер оқып, өз туыстары жайлы жылы лебіздерін білдіріп, отбасылық дәстүрлерімен бөлісті.Халықаралық отбасы күніне арналған мерекелік жиында «Рахмет саған, отбасы!» атты презентациялар мен бейнероликтер байқауына белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Оқушылар отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге арналған шығармашылық, шынайы әрі қызықты жұмыстары үшін грамоталармен марапатталды.Іс-шара соңында барлық отбасыларға зор денсаулық, бақыт, амандық, бейбітшілік пен татулық тілінді. Әр шаңырақта әрдайым махаббат, сыйластық пен өзара түсіністік орнап, отбасы ошағы мейірім мен жылулыққа толы болсын!
Халықаралық отбасы күніне арналған жиын
