« №1 Смирново орта мектебі» КММ 4-сынып оқушылары үшін «Пән мұғалімдерімен танысу, оқу мотивациясын қалыптастыру» атты ашық есік күні өткізілді. Іс-шара болашақ бесінші сынып оқушыларын орта буынға көшуге дайындау, жаңа мұғалімдермен таныстыру және алдағы оқу кезеңіне жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ашық есік күні барысында оқушылар 5-сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен танысты. Педагогтер оқушыларға қызықты демо-сабақтар өткізіп, мектеп оқушылары орта буын оқушысы рөлінде өздерін сынап көрді, жаңа пәндердің ерекшеліктерімен танысып, болашақ сабақтардың атмосферасын сезінді.
Сабақ барысында балалар тапсырмаларға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық жаттығулар орындап, жаңа жұмыс түрлерімен қызығушылықпен танысты. Мұғалімдер сабақтарды танымды, қызықты әрі оқушыларға қолжетімді етуге тырысты. Оқу мотивациясын қалыптастыруға, білімге деген қызығушылықты арттыруға және өз күшіне деген сенімді дамытуға ерекше назар аударылды. Іс-шара балалардың 5-сыныпқа көшу алдындағы алаңдаушылығын төмендетуге және мектеп педагогтерінің қолдауын сезінуге көмектесті. Ашық есік күні жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқушыларға жағымды эмоциялар сыйлап, мектеп өмірінің жаңа кезеңін қызығушылықпен бастауға ынталандырды.
«Пән мұғалімдерімен танысу, оқу мотивациясын қалыптастыру» атты ашық есік күні.
