2026 жылдын 20 мамырда өткен «Түлектер аллеясы» облыстық экологиялық акциясы аясында 11-сынып оқушылары мектеп аумағын көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты. Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге және 2026 жылғы түлектер туралы жарқын естелікті сақтауға бағытталды. Акция барысында түлектер ағаш көшеттерін отырғызып, мектеп аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Оқушылар бұл іс-шараға үлкен жауапкершілікпен және зор ынтамен қатысты. Бірлескен еңбек ұжымшылдық сезімін, азаматтық жауапкершілікті және табиғатқа жанашырлықпен қарауды нығайтуға ықпал етті.«Түлектер аллеясы» ұзақ жылдар бойы түлектер туралы жарқын естелік болып, мектеп аумағының көркіне айналады.
«Түлектер аллеясы»
