«№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Балалар дәрігер, мұғалім, өрт сөндіруші және аспаз мамандықтарымен танысып, ересектер еңбегінің маңыздылығы туралы білді. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер ойын ойнап, жұмбақтар шешіп, әңгімеге қатысты.Іс-шараның мақсаты — балалардың мамандықтар туралы білімдерін кеңейту және адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Адамдарға көмектесетін мамандықтар
