Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара

4 маусым күні Смирново ауылының Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жұртшылық, еңбек ардагерлері, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен және Мемлекеттік Туды көтерумен басталды. Іс-шара барысында қатысушыларға еліміздің тәуелсіздігі, егемендігі мен бірлігінің айқын көрінісі болып табылатын мемлекеттік рәміздердің – Ту, Елтаңба және Гимннің жасалу тарихы мен маңызы туралы айтылды. Сөз сөйлегендер мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудың және патриоттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Мерекелік іс-шара бірлік, Отанға деген мақтаныш және ұлттық дәстүрлерге құрмет рухында өтті.

Қосымша ақпарат көздері