9-сынып оқушыларының орыс тілі пәнінен қорытынды аттестаттауы

2026 жылдын 8 маусымда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін мектепте 9-сынып оқушылары үшін орыс тілі пәнінен қорытынды аттестаттау өтті. Емтихан білім алушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттерін тексеруге бағытталды.Емтихан жұмысы екі тірек мәтіннен және қорытынды эссе жазудан тұрды. Оқушылар мәтінді түсіну және талдау, өз көзқарастарын дәлелдеу, сондай-ақ орыс әдеби тілінің нормаларына сәйкес жазбаша ойын сауатты түрде жеткізу дағдыларын көрсетті.
Емтихан ұйымдасқан түрде, тыныш жұмыс жағдайында, белгіленген тәртіпті бұзусыз өтті. Барлық емтихан материалдары уақытылы жиналып, тексеруге тапсырылды.

Қосымша ақпарат көздері