«Туған өлке кеңістігі» жазғы сауықтыру алаңының тоғызыншы күні

Жазғы сауықтыру алаңының тоғызыншы күні «Туған өлке кеңістігі» атауымен өтіп, еліміз – Қазақстанмен танысуға арналды. Дәстүр бойынша таңертең балаларға күні бойына сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған көңілді әрі шымырландыратын таңғы жаттығудан басталды.
Одан кейін тақырыптық сабақ өткізілді. Балалар үлкен қызығушылықпен топтарда жұмыс істеді: олар Қазақстанның үлкен картасын құрастырып, оны зерттеуге байланысты тапсырмаларды орындады. Балалар картадан еліміздің қалаларын тауып, олардың атауларын еске түсіріп, қай жерде орналасқанын білді. Мұндай сабақ туған өлке туралы білімдерін кеңейтіп, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектесті. Танымдық бөлімнен кейін тәрбиеленушілер спорт залына барып, қимылды ойындар мен спорттық жаттығуларға қатысты. Кейін ойындар таза ауадағы жазғы алаңда жалғасты. Балалар қуана жүгіріп, жарысып, уақыттарын белсенді өткізді.
Бұл күн мазмұнды, қызықты әрі танымдық тұрғыдан пайдалы өтті. Алаң қатысушылары көңілді демалып қана қоймай, өз Отанын туралы көптеген жаңа мәліметтер білді.

Қосымша ақпарат көздері