2026 жылдын 10 маусымда №1 Смирново орта мектебінің түлектері Судьин Андрей, Абдуалиева Томирис, Кислая Ксения, Сакенова Камила, Ибраев Расул және Даркеева Даяна Аққайың ауданының жастар мәслихатының отырысына қатысты. Олар жуырда ғана жастар мәслихатының құрамына қабылданғандықтан, бұл іс-шара олар үшін айтулы оқиға болды. Бұл – олардың жетістіктері мен белсенді өмірлік ұстанымдарының құрметке ие болуы ғана емес, сонымен қатар болашақтағы жаңа белестерге бастайтын маңызды қадам. Жастар мәслихаты – жас азаматтардың өз ойлары мен идеяларын білдіруге, қоғам өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізуге және жастар саясатына қатысты шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуға мүмкіндік беретін алаң. Депутаттық куәліктер олардың оқу жылы бойы атқарған жұмыстары мен жүзеге асырған бастамаларының заңды нәтижесі болды. Салтанатты рәсім барысында түлектер өздерінің болашақ жоспарларымен бөлісіп, жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуының маңыздылығы туралы айтып, туған ауылында өз пікірінің естілуі қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Олардың әрқайсысы бүгінде жастардың мүдделеріне қатысты қоғамдық ұйымдар мен жобаларға белсенді қатысу арқылы болашаққа ықпал ету мүмкіндігіне ие.
Біз түлектеріміздің жауапкершілікті өз мойындарына алуға дайын екендігін және айналасындағы әлемді жақсартуға ұмтылатынын мақтан тұтамыз!
Жастар, алға – жаңа жетістіктерге!
