Бүгін жазғы алаңда Денсаулық күні өткізілді. Педагогтер «Денсаулық дегеніміз не?» және «Денсаулықты сақтау ережелері» тақырыптарында әңгіме жүргізді. Балалар дұрыс тамақтанудың, күн тәртібін сақтаудың, жеке бас гигиенасының және дене белсенділігінің маңыздылығы туралы білді. Әңгіме барысында балалар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөлісті.
Әңгімеден кейін «Салауатты өмір салты» атты бейнеролик көрсетілді. Балалар бейнематериалды қызығушылықпен тамашалап, денсаулықты нығайтуға көмектесетін пайдалы әдеттер туралы пікір алмасты.
Одан кейін балалар спорт залына барып, спорттық ойындар мен эстафеталарға қатысты. Олар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, ептілік, жылдамдық және командалық рухтарын көрсетті. Іс-шара қызықты әрі танымдық деңгейде өтіп, балалардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырды.
«Денсаулық күні»
