Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы

2025 жылдың 16 мамырында «Смирнов №1 орта мектебі» КММ- де оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті, онда оқу жылының аяқталуы бойынша мәселелер қаралды. Ата-аналар білім алушыларды қорытынды аттестаттау ережелерімен таныстырды. Жиналыста жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері талқыланып, жаңа оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар түсіндірілді. Сондай-ақ, ұялы телефондарды пайдалану тәртібі туралы айтылып, жол қозғалысы ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, ашық терезелер кезіндегі қауіпсіздік, жәндіктер шаққан жағдайда, төтенше жағдайлар кезінде және су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өткізілді. Жаз мезгілінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша учаскелік инспектордың көмекшісі А.С. Үкметов сөз сөйледі. Мектептің кәсіби бағдар беру маманы жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау мен кәсіби бағыт-бағдарын анықтауда ата-аналардың алатын орны мен рөліне тоқталды. Мектеп кітапханашысы оқу жылының аяқталуына байланысты оқулықтарды мектеп кітапханасына тапсыру ережелерін еске салды. Эмоциялық көңіл-күй орнату мақсатында мектеп психологі тренинг өткізіп, қақтығыстар мен буллинг жағдайларында әрекет ету алгоритмімен таныстырды. Ата-аналарға мектеп өміріне белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Жазғы демалысты жақсы өткізіп, жаңа оқу жылына күш-қуат, денсаулық жинап келулеріңізге тілектеспіз.

Қосымша ақпарат көздері