«Балалар интернетте» челленджі: цифрлық әлемде қауіпсіздікке үйренеміз.
қауіпсізинтернет #балаларинтернетте #киберқауіпсіздік
Қазіргі балалар интернет өмірдің ажырамас бөлігіне айналған заманда өсіп келеді – олар мұнда оқиды, ойнайды, сөйлеседі және ақпарат іздейді. Алайда мүмкіндіктермен бірге қауіптер де қатар жүреді.
Балаларды қорғау күні аясында, 28 мамыр күні Смирнов №1 орта мектебінде «Кибер Тұмар» жобасының қолдауымен «Балалар интернетте» атты маңызды әрі қызықты челлендж өтті. Іс- шараның мақсаты – оқушыларда цифрлық кеңістікте саналы және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру.
Бұл бастамаға бастауыш және орта буын оқушылары қатысты. Челлендж аясында балалар цифрлық гигиена негіздерімен танысып, жалған ақпаратты ажыратуды, кибербуллингтен сақтануды, жеке деректерді қорғауды және әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас ережелерін үйренді.
Іс-шара келесі кезеңдерді қамтыды:
- Интернет қауіпсіздігі тақырыбында интерактивті әңгіме;
- Интернеттегі мінез-құлық ережелерін білуге арналған квест-сайыс;
- Ата-аналармен бірлескен жобалар – отбасылық цифрлық әдеттерді талқылауға бағытталған тапсырмалар.
Челленджтің әр кезеңі балаларға маңызды білім алып қана қоймай, оны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.
Зерттеулерге сүйенсек, көптеген балалар интернетте қауіпті контентке немесе жағымсыз қарым-қатынасқа тап болады. Біздің мақсатымыз- қолжетімділікті шектеу емес, оны дұрыс пайдалануға үйрету.
«Балалар интернетте» челленджі – оқушыларымыздың саналы әрі сауатты цифрлық қолданушы болуына жасалған тағы бір нақты қадам.
Челленджге қатысқан барлық оқушыларға, ата-аналарға және педагогтерге алғысымызды білдіреміз. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана интернетті әр бала үшін қауіпсіз әрі пайдалы ортаға айналдыра аламыз.
