Бейнероликтер байқауы: «Біз өмірді таңдаймыз!»

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектебімізде «Біз өмірді таңдаймыз!» атты бейнероликтер байқауы өтті.

Байқауға 0–11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өз бейнероликтерінде есірткі заттарын қолдануға қарсы өмірлік ұстанымдарын білдірді. Жұмыстарда денсаулықтың, достықтың, спорттың құндылығы және зиянды әдеттерге «жоқ» деп айта білудің маңыздылығы туралы маңызды ойлар қамтылды.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға және өмірлік қиын сәттерде дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.

Қосымша ақпарат көздері