2025 жылдың 3 қыркүйекте біздің 9-сынып оқушымыз Игімбаев Мадияр Кызылжар ауданы,Большая Малышка ауылының маңында орналасқан «Күміс бор» лагеріне оқу-жаттығу жиындарына аттанды. География пәні бойынша пәндік олимпиадаға бірнеше рет қатысқанының арқасында ол осындай мүмкіндікке ие болды. Бұл лагерь бірнеше жылдан бері балаларды өз сұлулығымен қуантады. Таза экология, дұрыс тамақтану және, әрине, дене белсенділігі – мұның барлығы өсіп келе жатқан ұрпақ үшін маңызды. Мұнда балалар интернет пен ұялы телефонсыз өмір сүреді. Бұл балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытып, табиғатты сүюге үйретеді. Балаларға тәжірибелі ұстаздар бақылау жасайды. Әр күнге арналған арнайы бағдарлама бар. Біз Мадиярға бәрі ұнайтынына сенімдіміз және келесі жолы мектебімізден қатысушылар саны арта түседі деп үміттенеміз.
«Күміс бор»
