2025 жылдың 9 қыркүйекте №1 Смирнов орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған сергіту сәті өткізілді.
Сергіту сәті 1-сабақ басталмас бұрын ұйымдастырылып, ұзақтығы – 3 минутты құрады.
Іс-шараға орта және жоғары буын сыныптары (5–11 сыныптар) толық қатысты.
Өткізуге жауаптылар: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен сынып жетекшілері.
Іс-шара барысында музыкалық сүйемелдеу қолданылды. Оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытты.
Мақсат-міндеттер орындалды: жағымды эмоционалды көңіл-күй қалыптасып, сауықтыру әсері қамтамасыз етілді.
