Қазақтың дара тұлғасы – А. Байтұрсынов

2025 жылдың 9 қыркүйек күні №1 Смирнов орта мектебінді тілдер оңкүндігінің аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бимагамбетова Ж.О. басшылығымен 7- сыныптар арасында «Қазақтың дара тұлғасы» — атты іс- шара өтті. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектерімен таныстыру, тілге деген құрметті қалыптастыру, оқушылардың зерттеу, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Мұнда балалар Ахмет Байтұрсынов – кім екенін, Ахметтің әліпби мен тілге қосқан үлесін, Алаш қозғалысы және Ахметтің рөлін, ақын, аудармашы ретінде тани білді. Сонымен қатар «Тарихи кейіпкермен сұхбат» (интервью), интеллектуалды ойын – «Сен білесің бе?» Викторина, цитатамен жұмыс сияқты тапсырмаларға да белсенді қатысты.
Осындай іс-шаралар арасында балалардың патриоттық сезімдері оянып, ақын, жазушыларға деген сый-құрметтері арта түседі.
Балалар өз білімдерін, тіл байлығын жақсы көрсетіп, тәтті сыйлықтарға ие болды.

Қосымша ақпарат көздері