2025 жылдың 12 қыркүйек күні » №1 Смирнов орта мектебінде» Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл – асыл қазына» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді және басқа да ұлттардың тілін құрметтеуге, оқушылардың тіл туралы білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін дамытуға ықпал ету.
Іс-шара барысында оқушылар бес айналымнан тұратын қызықты сайысқа қатысты.
Оқушылар белсенділік танытып, тапқырлықтары мен білімдерін ортаға салды. Шара жоғары деңгейде өтті және оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырды.
«Тіл – асыл қазына» атты танымдық сайыс
