

12 қыркүйек күні өнер мен ынтымақты ұштастырған «Әуенді отбасы» атты байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған шараға түрлі өңірден келген өнерпаз отбасылар қатысып, өзара сайысқа түсті.Байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын арттыру және өнер арқылы бірлікті нығайту болды. Әр отбасы өз өнерлерін жан-жақты таныстырып, музыкалық, вокалдық және шығармашылық қабілеттерін паш етті.Солардың ішінде ерекше көзге түсіп, жүлделі II орынды жеңіп алған – Есмукановтар отбасы. Отбасы мүшелері өздерінің әуезді әндерімен, сахнадағы үйлесімділігімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олар дәстүрлі және заманауи музыканы шебер үйлестіріп, сахнада ерекше атмосфера қалыптастыра білді.Байқау соңында Есмукановтар отбасына диплом мен бағалы сыйлықтар табысталып, ұйымдастырушылар олардың өнеріне жоғары баға берді.Отбасының бірлігі мен шығармашылығы – елдің рухани байлығы. Есмукановтар сынды өнерлі, ұйымшыл отбасылар көбейе берсін!
