2025 жылдың 15 қыркүйек күні “Смирнов №1орта мектебінде” тілдер онкүндігі аясында 9-сынып оқушылары арасында танымдық “Тіл білгірлері” сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты:мемлекеттік тілді және басқа да ұлттардың тілін құрметтеуге, оқушылардың тіл туралы білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін дамытуға ықпал ету.Сайыс 7 кезеңнен тұрды.Оқушылар қазақ тіліне, мақал-мәтелдерге, дәстүр мен мәдениетке байланысты терең білімдерін көрсетті. Шара жылы, достық атмосферада өтті. Қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, топтық тапсырмаларға қатысып, мемлекеттік тілге деген құрметтерін танытты.Мұндай іс-шаралар оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімді, ұлтаралық татулық пен ел мәдениетіне деген құрметті қалыптастырады.Байқауға қатысқан барлық оқушыларды құттықтаймыз және алғысымызды білдіреміз!
«Тіл білгірлер»танымдық сайысы
