«№1 Смирнов орта мектебі» жанындағы «Айналайын» шағын орталығында бейнелеу өнері бойынша қызықты әрі танымдық сабақ өтті. Сабақтың ерекшелігі — алақан мен мақта таяқшаларын қолдана отырып, керікті ерекше тәсілмен бейнелеу. Сабақтың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын және ұсақ моторикасын дамыту. Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері мектепке дейінгі балалардың қызығушылығын арттырып, олардың қиялын еркін жеткізуге, өздерінің ерекше бейнелерін ойлап табуға мүмкіндік береді. Тәрбиеші: Ж.Б. Ишанова
Сурет салудың дәстүрлі емес әдісі
