Мектебімізде 5 «Б» сыныбында өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтары мен адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Адалдық сағаты» өткізілді. Бұл сабақ балаларда жауапкершілік, заңға құрмет пен адал еңбекке дайындығын тәрбиелеуге бағытталған «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. Адалдық сағаты барысында оқушылар үлгілі, адал азамат болу деген ұғымды, сондай-ақ оқу барысында, достықта және күнделікті өмірде әділдік пен шынайылық қағидаларын ұстанудың маңыздылығын талқылады.Практикалық мысалдар мен пікір алмасу арқылы оқушылар өз әрекеттерін саралап, дұрыс таңдау жасауға үйренді. «Адал азамат» бағдарламасы шынайылық, жауапкершілік, құрмет пен белсенді азаматтық ұстаным сияқты қасиеттерді дамытуға баса назар аударады.Осындай сабақтарды өткізу оқушылардың саналы да адал азамат болып қалыптасуына, әділетті қоғам құруға дайын болуына ықпал етеді.
«Адал азамат» бағдарламасы аясындағы адалдық сағаты
