«Тіл – тәуелсіздік тұғыры» республикалық олимпиадасына қатысу

2025 жылғы 22–23 қыркүйек күндері қазақ тілі пәні бойынша 5-10 сыныптар аралығындағы оқушыларға арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты республикалық олимпиада өтті. Бұл олимпиада Қазақстан халқының тілдері күніне орай ұйымдастырылды және мемлекеттік тілді меңгеріп жүрген өзге ұлт өкілдері арасындағы білім сайысы болды.Біздің мектебіміздің намысын бұл олимпиадада 5 «Б» сынып оқушысы Ордуханова Интизар және 9 сынып оқушылары Бабинова Диана мен Магаметова Лола абыроймен қорғап шықты.Оқушылар өз білімдерін, тілге деген құрметі мен қызығушылықтарын көрсетіп, қазақ тілін терең меңгеруге деген талпыныстарын дәлелдеді. Олимпиада – тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар тіл арқылы достық пен татулықты насихаттайтын маңызды шара болды.Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы уақытта да тек биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

Қосымша ақпарат көздері