24 қыркүйек «№1 Смирнов орта мектебі» КММ-де мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні өтті.Бұл іс-шара бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң болды.Мұғалімдер өздерін бірінші сынып оқушыларының рөлінде сезініп көрді: «Жанды әріптер» ойынын ойнады, мысалдарды секіру және шапалақтау арқылы шешті, бір-біріне «жақсы сөздер қорабын» беріп отырды. Мұндай тәсілдерді сабақ барысында оңай қолдануға болады, әрі олар балалардың қуанышпен оқуына көмектеседі.Іс-шараның ерекше сәті — педагог-психолог Ахметова Махаббат Серікқызының қатысуы болды. Ол №1 Смирнов орта мектебіндегі бұрын «Балапан» балабақшасына барған балалармен кездесті. Кездесу жылы және әсерлі өтті: балалар таныс ересек адамды қуана қарсы алып, өздерінің мектептегі әсерлерімен бөлісті.Сонымен қатар, іс-шара аясында мектеп психологы «Балалардың мектепке психологиялық дайындығы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Онда бірінші сынып оқушыларының сәтті бейімделуіне қатысты маңызды аспектілер қарастырылды. Қатысушылар баланың оқу процесіне дайындығын анықтау әдістерімен танысып, мүмкін болатын қиындықтар мен оларды шешу жолдарын талқылады. Шеберлік сабағы педагогтар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, өйткені психологиялық қолдау — балаларда оқу мотивациясын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.Бірыңғай ашық есік күні ынтымақтастық пен түсіністік атмосферасында өтті. Іс-шараға қатысушылар мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтарының бірлескен жұмысы балалардың мектеп өміріне сәтті және жайлы бейімделуінде маңызды екенін тағы бір мәрте түсінді.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні
