Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

2025 жылдын 10 қазанда ауылдық жерде тұратын дарынды балаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау, олардың қабілеттерін анықтап, дамыту, сондай-ақ ғылыми-танымдық қызметке қызығушылықты қалыптастыру.
№1 Смирнов орта мектебінен 10-сынып оқушысы Колесниченко Виолетта қатысып, Қазақстан тарихын оқуға жоғары қызығушылық пен белсенділік танытты. Виолетта олимпиадаға үлкен жауапкершілікпен дайындалып, тарихи фактілерді, хронологияны, себеп-салдарлық байланыстар мен ел тарихындағы маңызды оқиғаларды терең меңгергенін көрсетті.
Тарих пәнінің мұғалімі
Д. С. Веселов олимпиадаға дайындық барысында әдістемелік көмек көрсетіп, негізгі тақырыптарды қайталап, алдыңғы жылдардағы тапсырмаларды талдап, күрделі сұрақтар бойынша кеңестер берді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың жарыс рухын дамытып, өз күшіне сенімділік, еңбегі үшін жауапкершілік пен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс қалыптастыруға ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері