2025 жылдын 20 қарашасында №1 Смирнов орта мектебінің 5-сынып оқушылары «Алтын сақа» республикалық математика олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысты. Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, пәнге қызығушылықты арттыру, сондай-ақ оқушылардың логикалық және шығармашылық ойлауын дамыту болды.Олимпиадаға мектеп кезеңінен сәтті өткен оқушылар: Кудьяров Рустам, Цигай Кирилл және Сатанов Тимур қатысты. Олимпиада тапсырмалары 5-сынып математикасының негізгі бөлімдерін қамтып, сонымен қатар логикалық және стандартты емес есептерді де енгізді.Олимпиада қорытындысы бойынша Кудьяров Рустам 1-орынға ие болды, ал Сатанов Тимур 2-орын алды.Олимпиадаға қатысу оқушыларға өз білімдерін көрсетіп, оны іс жүзінде қолдану мүмкіндігін берді, сондай-ақ олардың оқу мотивациясын және жаңа жетістіктерге ұмтылысын арттыруға маңызды қадам болды.
5-сынып оқушыларының «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысуы
