Республикалық олимпиадаға қатысу

2025 жылдын 17 желтоқсанда Смирнов мектеп-гимназиясында 9- 11 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті. Бұл зияткерлік сайыста мектебіміздің намысын 11-сынып оқушылары Чернюк Светлана, Судьин Андрей, Аюпова Камила, 10-сынып оқушылары Киво Максим, Савощик Ярослав және 9-сынып оқушысы Абдуалиев Санжар лайықты түрде қорғады. Олар жаратылыстану-математикалық цикл (ЖМЦ) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынады. Олимпиада математика, физика, биология және басқа да пәндер бойынша тапсырмаларды қамтыды. Мұндай байқауға қатысу- өз білімін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, ой бөлісу және өзге мектептердің дарынды оқушыларымен танысуға мүмкіндік береді. Біз оқушыларымызды мақтан тұтамыз және оларға алдағы уақытта мол жетістік, шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері