2025 жылдын 1-15 желтоқсан аралығында AML ACADEMY Қаржылық мониторинг академиясы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп «Qarjy saqshysy – Қаржы сақшысы» республикалық компьютерлік ойынын өткізді.Ойынның негізгі мақсаты – білім алушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру, қаржылық тәуекелдерге қарсы тұру дағдыларын дамыту және жастардың жеке әрі қоғамдық қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болды.Интеллектуалдық сайысқа жалпы білім беретін мектептердің 10–11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1–2 курс студенттері қатысты. Іс-шараның ауқымы зор болды: еліміздің түкпір-түкпірінен 770 мыңнан астам оқушы мен студент өз білімдері мен дағдыларын интерактивті форматта сынады.Біздің оқушыларымыздың облыстық кезеңде көрсеткен жоғары нәтижелері ерекше мақтаныш туғызды.🥇 1 орынды 11-сынып оқушысы Кислая Ксения иеленіп, жоғары деңгейдегі білімін, логикалық ойлау қабілетін және қаржылық ұғымдарды сенімді меңгергенін көрсетті.🥈 Облыс бойынша 2 орынды 11-сынып оқушысы Сеитова Ханна жеңіп алып, үздік нәтижелер мен тұрақты дайындық деңгейін дәлелдеді.Сондай-ақ жоғары ұпай жинап, №1Смирнов орта мектебінді лайықты таныстырған 11-сынып оқушылары Даркеева Даяна мен Сеитова Даянаны атап өткен жөн. Олардың көрсеткен нәтижелері қаржылық сауаттылыққа деген үлкен қызығушылық пен өзін-өзі дамытуға ұмтылысты айқын көрсетеді.Айрықша атап өтуге лайық – сынып жетекшісі әрі тарих пәнінің мұғалімі Веселов Дмитрий Сергеевичтің еңбегі. Оның жетекшілігімен оқушыларды республикалық ойынға жүйелі түрде дайындау ұйымдастырылып, түсіндіру және ынталандыру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ конкурс кезеңдерінің барлығында қатысушыларға қолдау көрсетілді.Педагог білім алушылардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға және шешім қабылдауда жауапкершілікті арттыруға ерекше көңіл бөлді. Бұл өз кезегінде облыстық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті.Барлық қатысушылар мен жүлдегерлер «Qarjy saqshysy – Қаржы сақшысы» республикалық ойынына белсенді қатысқаны және қол жеткізген жетістіктері үшін бағалы сыйлықтармен марапатталды.Осындай іс-шараларды өткізу жастарды ересек өмірге дайындауда маңызды рөл атқарып, қаржыға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады және оқушылардың құқықтық әрі экономикалық сауаттылығын арттырады.Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
«Qarjy saqshysy — Қаржы сақшысы» республикалық ойынындағы оқушылардың жетістіктері
