«Заң және тәртіп» айлығы аясында 1-11 сынып оқушылары арасында оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, өмірдің құндылығын түсінуге және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған «Денсаулық пен өмір» атты интерактивті онлайн-ойын өткізілді. Іс-шараның қорытынды кезеңі ретінде салауатты өмір салты тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 1- 11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар шығармашылық белсенділік пен креативті ойлау қабілеттерін танытып, дене және психикалық денсаулықты сақтаудың маңыздылығын көрсететін жұмыстарын ұсынды. Бүгін байқаудың қорытындысы шығарылды. Барлығы 27 оқушы қатысып, ұсынылған барлық жұмыстар қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Қорытынды нәтижелері бойынша жүлделі орындар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды, ал жүлделі орын алмаған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды. Өткізілген іс-шаралар оқушылардың салауатты өмір салты мәселелеріне қызығушылығын арттырып, позитивті өмірлік құндылықтардың қалыптасуына ышпал етті.
«Заң және тәртіп» айлығы аясында сурет байқауының қорытындысы шығарылды#Адал_азамат#Заңментәртіп
