«Заң және тәртіп» айлығы аясында ақпараттық буклеттерді тарату акциясы өтті

«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектеп белсенділері Абдуалиева Томирис пен Судьин Андрей ұйымдастырып өткізген акция барысында «Балалардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында ақпараттық буклеттер таратылды.Осы акцияның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ мектепте және күнделікті өмірде құқықтар мен міндеттерді сақтау маңызды екенін еске салу болды. Акция барысында оқушыларға балалардың негізгі құқықтарын түсінікті формада баяндаған буклеттер таратылды. Мысалы, білім алу құқығы, қорғауға құқығы, медициналық көмек алу, демалу, өз ойын білдіру құқығы және міндеттер — мінез-құлық ережелерін сақтау, айналасына құрметпен қарау, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, мектеп мүлкі мен табиғатты құрметтеу.Акция оқушылардың қызығушылығын тудырды және өз құқықтарын білу міндеттерді орындаумен тығыз байланысты екенін еске салды. Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл акция мектептің «Заң және тәртіп» айлығы аясында өткізілетін кешенді жұмыстардың бір бөлігі болып табылады және саналы, жауапты азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған.

Қосымша ақпарат көздері