Ұлттық ойындар — ұрпақтар арасындағы тірі байланысы

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды дәстүрлі ойындар арқылы ұлттық мәдениетке баулу, ептілікті, достық қарым-қатынасты және халықтық дәстүрлерге қызығушылықты дамыту.Ұлттық ойындар — халықтың мәдени мұрасының маңызды бөлігі. Олар арқылы балалар дәстүрлермен танысады, бір-бірімен өзара әрекеттесуді үйренеді, қимыл-қозғалыс белсенділігін, зейінін және ұжымшылдық сезімін дамытады. Ойын түрінде өз халқының мәдениетіне құрмет пен оның тарихына қызығушылық қалыптасады.«№1 Смирнов орта мектебі» жанындағы «Айналайн» шағын орталығында мектеп жасына дейінгі балалармен ұлттық ойындар үнемі өткізіліп тұрады. Сабақ барысында балалар қимылды және сюжеттік ойындарға қызыға қатысып, ережелерді сақтауды, бір-біріне көмектесуді және ортақ нәтижеге қуана білуді үйренеді.Мұндай ойындар жағымды эмоционалдық көңіл-күй қалыптастырады, балалардың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді және ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар туралы алғашқы түсініктерінің қалыптасуына жағдай жасайды.

Қосымша ақпарат көздері