Үлкен үзіліс -тек демалыс уақыты емес, сонымен қатар оқушылардың белсенді қозғалысы мен қарым-қатынасы күшейетін кезең. Қатты шу, адамдардың көптігі және іс-әрекеттің жиі ауысуы кейбір балалардың шамадан тыс қозуына, ал кейбірінің тез шаршауына себеп болуы мүмкін. Бұл жағдай әсіресе ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар білім алатын инклюзивті ортада айқын байқалады.Рекреация аймағында өткізілетін 10 минуттық қысқа топтық жұмыс эмоционалдық шиеленісті төмендетуге, зейінді қайта бағыттауға және сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай жұмыс балалардың өзін қауіпсіз сезінуіне, өзара сыйластық пен қолдау атмосферасының нығаюына мүмкіндік береді.Қатысу ерікті негізде ұйымдастырылады, бұл әр оқушының жеке шекарасын сақтауға және психологиялық қауіпсіздік принципін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.Педагог-ассистент: А.Абилов.
Атмосфераны өзгертетін 10 минут: үлкен үзіліс кезіндегі шағын топтық жұмыс
