Мектептегі оқу үдерісі әрдайым бір ғана үлгімен жүруі міндетті емес. Мамандардың ұсынымдары негізінде әр оқушыға жеке оқу бағдарламасы құрылады. Бұл «тапсырмаларды жеңілдету» емес, керісінше, оқуды нақты баланың қажеттілігі мен қарқынына бейімдеу.- Жеке қарқын. Жазу дәптерлерінде біз сыныппен жарыспаймыз, керісінше қаламды дұрыс ұстауға және ұқыптылыққа ерекше көңіл бөлеміз. Әрбір әдемі жазылған элемент – біздің ортақ кішкентай жеңісіміз.- Материалды бейімдеу. Математика да қызықты бола алады! Түрлі-түсті тапсырмалар арқылы санауды бекітіп, зейінді ойын түрінде, жайлы ортада дамытамыз.- Әрекетті ауыстыру. Күш-қуат азайғанда, көмекке технологиялар келеді. Интерактивті тапсырмалар оқу барысындағы назарды жоғалтпай, бір әрекеттен екіншісіне ауысуға мүмкіндік береді.Тапсырмалардың алуан түрлілігі – басты құралымыз. Бағдарлама бейімделген кезде «қиын» деген сөз «мен орындай аламынға» айналады. Баланың мүмкіндігіне сеніп, әр кезеңде қолдау көрсету маңызды! Біз қиындықтарды еңсеруді, жетістіктерге қуана білуді және үлкен мектеп отбасының толыққанды мүшесі екенімізді сезінуді үйренеміз.
Әр баланың — табысқа апарар өз жолы бар
