Біздің мектеп қабырғасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық турнирдің аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға аудан бойынша барлығы 61 оқушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты — бастауыш мектеп жасындағы математикалық қабілеті жоғары дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, сондай-ақ олардың математика пәні бойынша білімдерін тереңдетіп, кеңейту. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, пайымдай білу және стандарттан тыс шешімдер таба алу дағдыларын көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға біздің оқушылар да ие болды:
🥇 4 «Б» сынып оқушысы Жанбай Ғазиз — I орын;
🥉 3 «А» сынып оқушысы Вагнер Кирилл — III орын.
Оқушыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табыс, жаңа жеңістер және өз күштеріне деген сенімділік тілейміз!
«Бастау» республикалық математикалық турнир
