2026 жылдын 18 ақпанда «Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасы, мектеп және қоғам серіктестігі» атты Ата-аналар форумы өтті. №1Смирново орта мектебінде аудан мектептерінің Аналар кеңесінің «Аналар кеңесі- тәрбие мен отбасын қолдаудың ресурсы» тақырыбында отырысы өтті. Форумға Отбасын қолдау орталығының жетекшісі К.Н. Калимбетова отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі инспектор С.С.Үкметова мектеп директорлары қатысты. Модератор ретінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Аққайың ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Л.Т. Кыдыкова болды. Отырыста келесі мәселелер қарастырылды: құндылықтарды қалыптастырудағы ананың рөлі, отбасылық және жасөспірімдер арасындағы мәселелердің алдын алу, осал санаттағы балаларды қолдау, педагогтермен және сүйемелдеу қызметтерімен өзара іс-қимыл.Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Шеберлік сабақтары, ойындар мен тренингтер ұйымдастырылып, олар жағымсыз әдеттерден арылуға көмектесіп, жағымды эмоциялар мен мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.Аналар кеңесінің отырысы қорытындысы бойынша қатысушылар балаларды жеке үлгі арқылы тәрбиелеу қажет деген тұжырымға келді. Отбасында беделге ие болуға ұмтылу, баланың оқуына және тапсырылған іске қызығушылығын қалыптастыруға көңіл бөлу, олардың өз еңбегінің нәтижесі үшін ересектер мен бір-бірінің алдында жауапкершілік сезінуіне жағдай жасау, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы өзара сенім, мейірімділік пен адамдарға деген қамқорлықты тәрбиелеу маңызды екені атап өтілді. Даналықтарыңыз, тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз үшін алғыс білдіреміз, өйткені аналар барлық бастамаларда бағдаршам іспетті болып, халықты ортақ мақсаттарға жетуге және күрделі міндеттерді шешуге біріктіреді. Ананың махаббаты – жасампаздыққа, болашақты құруға бағытталған. Осындай диалог алаңдары жаһандық мәселелерге назар аударуға, рухани әлеует пен ұлттық сананы арттыруға ықпал етеді. Аталған материалды негізге алып, оны әрбір мектепте қолдану қажет деп санаймыз.
Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы — өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басты басымдық
