«Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

2026 жылғы 18 ақпанда «Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.Аталған беделді байқауда Аққайың ауданы мен №1 Смирново орта мектебінің намысын бастауыш сынып мұғалімі А.М. Жақсылық қорғады. Кәсіби сайыс барысында біздің педагог дарынды балалармен жұмыс істеудің озық әдістемелерін ұсына отырып, жоғары шеберлік деңгейін көрсетті. А.М. Жақсылық шығармашылық көзқарасы мен заманауи педагогикадағы терең білімін паш етіп, аудан имиджін лайықты дәрежеде қорғап шықты.Әріптесімізді байқауға сәтті қатысуымен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен кәсіби өрлеу тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері