Бүгін 2026 жылдын 16-27 ақпан аралығында «Жетістік баспалдақтарымен: қызығушылықтан білімге» ұранымен өтетін бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Жанар Серікқызы Абдуалиева 4 «Б» сынып оқушыларымен бірге дайындады. Іс-шара барысында балалар өлеңдерді мәнерлеп оқып, жұмбақтар жасырып, грамматика мен математикаға қатысты қызықты сұрақтар ұсынды. Жиын жарқын, танымдық сипатта өтті және бүкіл онкүндікке оң көңіл-күй сыйлады.
