

2026 жылдың 18 ақпанында Петропавл қаласында “Бірінші гимназиясында” қазақ тілі мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсңлдерді меңгеруіне жағдай жасау,мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді жүйесін қалыптастыру арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.Іс- шараға облыстың басқа аудандарынан және Петропавл қаласының мектептерінен педагогтар қатысты. Семинар барысында мұғалімдер ашық сабақтар және шеберлік сыныптарын өткізіп,тиімді оқыту әдістемелерін мен практикалық тапсырмаларды көрсетті. Қазақ тілі мұғалімі Науразбаева Айнаш Умирзаковна семинарға белсенді қатысты. Іс- шара жоғары деңгейде өтті. Семинар білім беру жүйесінде инновациялық және тәжірибені дамытуға бағытталған пікір алмасумен аяқталды.
