«Барлығына рақмет»«Айналайын» шағын орталығында балалардың айналасындағыларға деген алғыс пен құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталған «Барлығына рақмет» челленджі өтті.Тәрбиеленушілер әңгімелерге, шығармашылық сабақтарға қатысып, ашықхаттар дайындады және ата-аналары мен педагогтеріне жылы сөздерін айтты. Іс-шара мейірімді әрі жылы атмосферада өтіп, балаларды, қызметкерлерді және ата-аналарды біріктірді.
#2026Барлығынарақмет
