5–6 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

19 ақпанда 5–6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиада облыстың дарынды әрі мақсаткер оқушыларын біріктіріп, олардың зияткерлік әлеуетін ашуда маңызды кезең болды.КММ «Смирнов орта мектебі №1» оқушылары өз білім ордасының намысын абыроймен қорғап, жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша мектеп оқушылары бірнеше пәннен жүлделі орындарға ие болды.5-сынып оқушылары арасында Сейткозиев Арман жаратылыстану пәнінен III орын, Сатанов Тимур математика пәнінен III орын иеленді.6-сынып оқушылары арасында Панченко Глеб ағылшын тілі пәнінен III орын, ал Ахмедьянова Индира математика пәнінен II орын алды.Қол жеткізілген нәтижелер — оқушылардың табанды еңбегінің, педагогтердің кәсіби шеберлігінің және ата-аналардың қолдауының айқын дәлелі. Облыстық деңгейдегі олимпиадаға қатысу — жаңа жетістіктерге ұмтылудың, қабілеттерді дамытудың және өз күшіне деген сенімді қалыптастырудың маңызды қадамы.Жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері