Математикалық олимпиада: чемпионға жанкүйерміз!

2026 жылдын 3 наурызда Смирново мектеп-гимназиясының базасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Біздің мектептің және өз сыныбының намысын 4 «Б» сынып оқушысы Жанбай Ғазиз қорғады.«Бастау» байқауы — ең алғыр, тапқыр әрі табанды оқушыларға арналған зияткерлік дода. Ғазизге логикалық лабиринттерді, күрделі теңдеулерді және геометриялық басқатырғыштарды шешу тапсырылды. Облыстық кезеңге жолдама алу — оқушының да, оның жетекшісінің де үлкен еңбегінің нәтижесі.Жанбай Ғазиз, біз саған сенеміз! Сенің ұшқыр ойың, сабырлылығың және нақты ғылымдарға деген сүйіспеншілігің жоғары нәтиже көрсетуге міндетті түрде көмектеседі. 4 «Б» сыныбы, ұстаздар мен мектеп әкімшілігі саған жанкүйер! Ғазизге тек жеңіс пен республикалық финалға жолдама тілейміз! Ақ жол!

Қосымша ақпарат көздері