1 наурыз -Азаматтық қорғаныс күні

Жалпы мектептік жоспарға және Азаматтық қорғаныс бастығының бұйрығына сәйкес мектепте азаматтық қорғаныс бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілді. Іс-шаралар барысында келесі іс-әрекеттер пысықталды:

1. Оқушылар мен мектеп қызметкерлерін ғимараттан қауіпсіз және жедел эвакуациялау.

2. Өрт сөндіргішті тәжірибелік тұрғыда қолдану. Эвакуация оқу кабинеттерінде ілінген эвакуациялау жоспарларына сәйкес, тәртіппен және ұйымшылдықпен жүргізілді. Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Белгіленген уақыт нормативі толық орындалды — эвакуацияның жалпы ұзақтығы 7 минут 13 секундты құрады.Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Қ.Саменов өрт сөндіргішті пайдалану тәртібін іс жүзінде көрсетіп, оны қолданудың негізгі ережелері мен қауіпсіздік техникасы талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, өрт туындаған жағдайда орындалатын іс-әрекеттер алгоритмін нақтылап көрсетті. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша оқушылар мен мектеп ұжымы эвакуациялау тәртібі туралы білімдерін нығайтып, өрт сөндірудің бастапқы құралдарын қолдану бойынша бастапқы практикалық дағдыларды меңгерді.

Қосымша ақпарат көздері