№1 Смирнов орта мектебінде қазақ тілінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Ильясова А.У. мен Бимагамбетова Ж.О. «Поэзия – жүрек үні» атты Мұқағали Мақатаевтың оқуларын өткізді. Бұл жарысқа 5-10 сынып оқушылары қатысып, қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны, жүрек жыршысы, халықтың сүйікті перзенті – Мұқағали Мақатаев шығармашылығын жатқа, мәнерлеп айтып өз өнерлерін көрсетіп келесі орындарға ие болды: 5 «А» сынып оқушысы – Муканова Мерей – 2орын5 «Б» сынып оқушысы – Ордуханова Интизар – 3орын6 «Б» сынып оқушысы – Кириченко София – 3 орын7 «Б» сынып оқушысы – Ли Виктор – 2орын8 «А» сынып оқушысы – Кулькаев Рахат – 1 орын9 сынып оқушысы – Бегалымов Дамир — 3 орын10 сынып оқушысы – Киво Максим – 2 орынБалаларды жеңістерімен оқу ісінің орынбасары құттықтап алғысын білдірді.Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың жыр әлеміне тағы бір мәрте саяхат жасадық. Ақын жырлары жүрегімізде мәңгі сақталып, бізге рухани күш бере берсін.
Поэзия – жүрек үні
